Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгіннен бастап отандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Таиландқа жаңа әуе бағытын ашты, деп жазады Egemen.kz.
Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.